05 - 06.02.2013 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» тренерлері Алматы қаласында өткен «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» атты республикалық семинар-кеңесіне қатысты

Опубликовано: 11.10.2018

Институттың тренерлері Қ.Шамуратова, Ш.Зулкашева, А.Хайруллина, К.Байкатова 2013 ж. 5-6 ақпан күндері Алматы қаласында өткен «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» атты республикалық семинар-кеңеске және шетелдік тренер-кеңесшілердің 10 шеберлік сыныптарына қатысты.

Бұл семинар-кеңесті «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» бірлесіп өткізді. Семинардың негізгі мақсаты: бір жылдың ішінде тернерлердің жинақтаған тәжірибелерін ортаға салу, курстар өткізу барысында кездескен мәселелер мен жетістіктерді талқылау және тәжірибе алмасу.

Семинар-кеңестің бірінші күні пленарлық отырыстпен басталды. Бұл отырыста аталған мекемелердің басшылары құттықтау сөздерін айтып, қатысушылар «Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз» фильмі мен «Педагогикалық диалог» журналының алғашқы санының тұсаукесерін тамашалады.   Одан әрі баяндамалар оқылды:

- Ж.А.Қараев,  «Өрлеу»   БАҰО» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары –  «3 айлық біліктілік арттыру курс мониторингінің  нәтижелері».

- Б.А.Балғынбаева,  Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары - «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламасы аясында ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары туралы» және т.б.

Бірінші күннің екінші жартысы мен екінші күнгі жұмыс кеңесші-тренерлердің шеберлік сыныптарында тренердің жұмысында кездсетін түрлі мәселелерді талқылау бойынша өткізілді. Сол шеберлік сынып жұмыстарының арасында Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласындағы филиалының кеңесші-тренері Лоис Арлин Фриман «Достық атмосферасында оқыту» мәселесі бойынша ұйымдастырған тренингі  семинар қатысушыларының ерекше бағасына ие болды.

Семинар жұмысын қорытындылау кезінде қатысушылар саминар жұмысына жоғары баға беріп, осындай шаралар жиі ұйымдастырылып,  тренерлерге бірі-бірімен пікір бөлісеу, тәжірибе алмасу мүмкіндігін кеңінен беру қажет деген пікір білдірді.

 

rss